ФЛЮТ® Адванс
Геморройға және басқа проктологиялық ауруларға арналған жергілікті анестезия.
НұсқаулықБензокаин қосылған ректалды суппозиторийлер
Жылдам анальгетикалық әсер (1-3 мин)
Олардың табиғи негізі бар - какао майы
Қолжетімді баға
ГЕМОРРОЙ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Геморрой — ең көп таралған колопроктологиялық ауру. Геморроймен орта есеппен 100 адамның ішінен 14 адам ауырады, ал тік ішек аурулары арасында оның үлесі шамамен 40% құрайды. Оның үстіне ерлер әйелдерге қарағанда үш есе жиі ауырады. Іш қатуды «зиялылар ауруы» деп атаса, геморрой «патша ауруы» деп аталады.
Геморрой – бұл геморрой түйіні деп аталатын кавернозды түзілімдерді құрайтын анус каналы және тік ішек веналарының варикозды кеңеюі. Сарапшылар геморройды екі түрге бөледі - сыртқы және ішкі - анус каналының орналасқан жеріне байланысты. Сыртқы геморрой анусқа жақын жерде пайда болады. Ішкі геморрой анус каналының тік ішекке өтетін жерінде пайда болады.
ГЕМОРРОЙДЫҢ СЕБЕПТЕРІ
Аз қозғалатын жұмыс
Геморрой қаупі кеңсе қызметкерлерінде, көлік жүргізушілерінде бар. Олар ұзақ уақыт бойы отырғаннан тік ішекте веналық қан іркіледі. Аз қозғалатын жұмыс және өмір салты әйелдер мен ерлерде бұл аурудың симптомдарын шамамен бірдей жиілікте туындатады.
Дұрыс тамақтанбау
Ащы тағамдарды, алкогольді сусындарды жиі тұтыну, тағамдық талшықтардың жеткіліксіздігі. Тамақтанудың бұл түрі тік ішектің тітіркенуін және іш қатуды туындатады. Ұзақ күшену веналардың қысымын жоғарылатады және қанға толуын арттырады. Олар деформацияланып, жұқарады, кейін түйіндерге айналады.
Артық салмақ
Артық салмағы бар адамдар көбінесе белсенді емес өмір салтын ұстанады, бұл тік ішек веналарында іркілу құбылыстарын асқындырады.
Тұрақты ауыр дене еңбегі
Жүк тиегіштер, кәсіби спортшылар, олардың қызметі ауыр салмақты көтерумен байланысты.
Жүктілік және босану
Жүктілік кезінде және босанғаннан кейін геморрой көбінесе кіші жамбас аймағында қысымның жоғарылауынан және іш қатуға бейім адамдарда пайда болады.
Тұқым қуалайтын бейімділік
Егер сіздің туыстарыңызда геморрой болса, онда оның жоғары пайда болу қаупі тұқым қуалауы мүмкін.
Геморрой түйіндерінің байлам аппаратының әлсіздігі.
Тік ішектің байламдық аппаратының айтарлықтай әлсіздігімен мұндай түйіндер дефекация немесе айтарлықтай кернеу кезінде құлап кетеді.
АУРУ СИМПТОМДАРЫ
Классикалық геморройлық синдром:
- үлкен дәретке отырғанда және одан кейін анустың ауыруы,
- әдетте нәжіспен байланысты кішігірім алма-кезек қан кетулер,
- ішкі түйіндердің төмен түсуі.
Бұл симптоматика анустың қышумен, ашыту сезімімен, перианустық аймақ сезімталдығының жоғарылауымен жиі қатар байқалады.
Егер сіз геморройдың ондай симптомдарын байқасаңыз, проктологке қаралу керек.
ЕМІ
Бүгінгі күні геморройды емдеудің әртүрлі әдістері бар, олардың белгілі бір түрін таңдау аурудың сатысына және симптомдардың айқындығына байланысты.
Консервативтік емдеу ауру дамуының ерте кезеңдерінде жүзеге асырылады және диетаны, өмір сүру салтын түзетуден және ауырсынуды басатын, қан тоқтататын, қышуға қарсы, ісінуді басатын, қабынуға қарсы әсері бар арнайы дәрілік препараттарды қабылдаудан тұрады.
Геморрой кезінде дәстүрлі диеталық нұсқаулар келесі тармақтарды қамтиды:
Күніне 0,5-1,0 кг көкөністер немесе жемістер жеңіз, рационға кебек қосыңыз.
Күніне кемінде 1,5-2 литр сұйықтық ішіңіз.
Ірі тартылған ұннан жасалған нанды таңдаңыз.
Рационнан ащы, қуырылған, ысталған тағамдарды, сондай-ақ алкогольді алып тастаңыз.
Және темекі тартуды тастаңыз!!!
Үлкен дәретке баруды тежемеңіз
Геморройды емдеуде аноректальдік аймақты тез және тиімді анестезиялауға, зақымдалған тіндердің қабынуы мен ісінуін шектеуге бағытталған дәрілік препараттарды тағайындау маңызды орын алады.
Аноректальдік аймақты тез анестезиялау үшін беткейлік ауырсынуды басатын жергілікті препараттар қолданылады: бензокаин, лидокаин және прокаин, оларды жағу арқылы қолдануға болады, бірақ көбінесе біріктірілген жақпамайлардың, кремдер мен суппозиторийлердің құрамында болады.
Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық
ФЛЮТ® Адванс
- Дәрілік түрі, дозалануы
-
Ректальді суппозиторийлер
- Қолданылуы
-
- – сыртқы және ішкі геморройда
- – айқын ауыру синдромымен қатар жүретін артқы өтіс жолының сызатында, эрозиясында және микрожарақаттарында, анальді қышынуда
- – проктологиялық операциялардан соң операциядан кейінгі кезеңде
- Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
- – препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
- – тромбоэмболиялық ауру
- – гранулоцитопения
- – 12 жасқа дейінгі балалар
ФЛЮТ® Адванс дәрілік затын 12 жастан асқан балаларға қолданар алдында дәрігерден кеңес алған жөн.
- Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
-
Ұсынылған дозадан және емдеу ұзақтығынан асып кету ықтималдығына байланысты препаратты МАО тежегіштерімен, антидепрессанттармен немесе гипертензияға қарсы дәрілермен бірге дәрігердің қадағалауынсыз тағайындау ұсынылмайды. Бұл ұсыныс MAO тежегіштерінің әсерінің төмендеуінің немесе бензокаинмен өзара байланысу нәтижесінде гипертензияға қарсы әсердің жоғарылауының теориялық ықтималдығымен байланысты.
- Арнайы сақтандырулар
-
Жүктілік және лактация кезеңі
- Жүктілік және лактация кезеңінде ФЛЮТ® Адванс препаратын қолдану ана мен шарананың немесе баланың пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана мүмкін болады.
Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері:
- Әсер етпейді.
- Қолдану жөніндегі нұсқаулар
-
Дозалану режимі
Препаратты гигиеналық шаралардан кейін қолдану керек. 1 суппозиторийден тік ішекке тәулігіне 4 ретке дейін (таңертең, түнге қарай және ішекті әр босатқаннан кейін) енгізу керек. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 4 суппозиторий. Емдеу курсының ұзақтығы – 7 күн.
Қажет болғанда дәрігердің ұсынымы бойынша қабылдау ұзақтығын 3 аптаға дейін ұзартуға болады.
- Көрініс беретін жағымсыз реакциялар
-
Сирек
- – жанаспалы дерматит,
- – терінің аллергиялық реакциялары (гиперемия, бөртпе, қышыну),
- – енгізген орындағы жергілікті реакциялар,
- – тері, ерін және тырнақ пластинасы цианозымен, бас ауыруы, бас айналу, ентігу, қажығыштық және тахикардиямен қатар жүретін метгемоглобинемия.
- Дәріханалардан босатылу шарттары
-
Рецептісіз.
- Аты-жөні, мекенжайы және байланыс деректері
-
«Дәрі-Фарм (Қазақстан)», Алматы қ., Достық даңғылы, 117/6, «Хан-Тәңірі» БО.
- Телефон/факс: 8 (727) 295-26-50
- E-mail: phv@kusum.kz